Ұлы ақынның сирек кітаптары көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы ақынның сирек кітаптары көрмеге қойылды

10.08.2022

«Абай тағылымы» бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында осындай атаумен әдеби-мерекелік шара өтті. Абай күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық елшілік өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар және хакімнің ұрпақтары қатысты. Сонымен қатар «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ол жерде ақынның сирек кездесетін қолжазбалары мен көне кітаптары қойылды. Жас оқырмандар Абай мүшәйрасына қатысып, ақынның жырларын жатқа оқыды.

Ғазиза Құдайбергенқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры:

Абай жолын осы күнге дейін оқымаған оқырман болса, сол барып Абайды іздесе, Абаймен ізденсе, Әуезовтың «Абай жолын» қолына алса – біздің мақсаттың, мүдденің орындалғаны деп білемін.


Хабарламаларға жазылу