Шахтадағы кеншілерді құтқару жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтадағы кеншілерді құтқару жұмыстары жүріп жатыр

10.08.2022

Доминикан Республикасында он күн бойы шахтаның астынан шыға алмаған екі жұмысшы құтқарылды. Олар шілденің 31-де кен орнының ішіне тас төгілгенде қамалып қалған. Құтқару операциясына геологтар, геотехниктер және инженерлер қатысты. Доминикандық Грегорий Мендес пен колумбиялық Карлос Йепесті аман қалуымен жергілікті президент Луис Абинадер құттықтады.

Ал, Мексикада 10 адам бір аптадан бері жер бетіне шыға алмай жатыр. Олар тамыздың 3-де солтүстік-батыстағы Сабинас қаласы маңындағы шахтаның қабырғасы құлап, оны су басқанда іште қалып қойған.

 Мексика президенті Андрес Обрадор құтқарушылардың кеншілерге осы аптада жететініне үміт білдірді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу