Елордада 20 күнде 11 мыңнан астам жол ережесін бұзғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 20 күнде 11 мыңнан астам жол ережесін бұзғандар анықталды

10.08.2022

Елордада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында тек жиырма күн ішінде 11 мыңнан астам өрескел бұзушылық тіркелді. 80-ге жуық жүргізуші мас күйінде ұсталған. Ал 200-ден астамының жол ережесін қасақана бұзғаны анықталды. Жалған мемлекеттік нөмір тағылған 80-дей автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұзақылар көбінесе «Қорғау» жүйесі мен «Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталған. Қазір 4 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды. Оның жалпы мөлшері – 282 миллион теңгені құрайды. қыркүйектегі Рим Папасы Францисктің мемлекеттік сапары аясында - қала аумағында жол қозғалысын қадағалау мақсатында, бір ай бойы «Учаске» жедел алдын-алу шарасы жоспарланып отыр.

Бақытжан Малыбаев, қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Миллиондап штраф алғандар көп болатын, қазір азайды. Оларды «Қорғау» жүйесімен күнде қадағалап отырмыз. Төленетін айыппұлдардың 90 пайызы «Қорғау» мен «Сергек» бейнекамераларынан түседі.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу