Қостанайда адамдар жұмылып, бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеуге шықты. Полицияға жоғалған бүлдіршіннің 9 шақырым жердегі жүгері алқабында болуы мүмкін екені хабарланған. Мұны естіген тұрғындар іздеу жұмысын жеңілдетуге қолдарына шам алып, ерікті түрде қосылды.
Айта кетейік, кеше таңертең жетілер шамасында бес жасар Мәдина Ерланқызы жоғалған еді. Бүлдіршін әлі табылмады.