Украинада отыз жылда болмаған қиын қыс күтіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада отыз жылда болмаған қиын қыс күтіп тұр

08.08.2022

Украинаны биыл отыз жылда болмаған ең қиын қыс күтіп тұр. Қазірдің өзінде мемлекет қарулы қақтығыстың кесірінен оннан астам гигаватты қамтитын қуат көзінен айырылды.

Аида Әбіл, тілші:

Украина халқы үшін алдағы қыс аса ауыр болайын деп тұр. Ең қиыны - орыс әскері басып алған Энергодар қаласы - мемлекетке қыруар шығын әкелуі мүмкін. Ресейдің қарамағында қалған бұл аймақта Запорожье Атом Электр станциясы мен Запорожье Жылу Электр Станциясы орналасқан. Еуропадағы ең үлкен атом электр станциясы - қазір бір жағынан мемлекеттің тұтас қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіріп тұр. Қысқа дейін бұл нысандар Украина меншігіне өтпесе, мемлекет қуатты Еуропадан тасымалдауға мәжбүр болады.

Владимир Омельченко, Разумков орталығының Энергетика және инфрақұрылымдық бағдарламалар бөлімінің директоры:

«Энергодар» қаласы қалайда Украина меншігіне қайтарылуы тиіс. Ол өңірде біздің ең мықты қуат өндіретін құрылым орналасқан. Олай болмаған күнде Украина электр энергиясын Еуропадан үш есе қымбат бағамен сатып алуға және тасымалдауға мәжбүр болады.

Аида, коммуналдық тарифтың күйі қалай болмақ?

Аида Әбіл, тілші:

Соғыс жағдайы кезінде Зеленский коммуналдық төлем тарифін қалыпты ұстап тұруды тапсырды. Бірақ негізгі қуат нысандары мемлекет меншігіне қайтарылмаса, бағаны бір орында ұстап тұру мүлдем мүмкін емес.

Аида Әбіл


Хабарламаларға жазылу