Ардагер теміржолшы музей ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагер теміржолшы музей ашты

17.10.2014
Ардагер теміржолшы музей ашты

Өткен ғасырдың 30-шы жылдары салынып, Орталық Азия мен Сібірді жалғаған Түрксіб теміржол магистралінің бір тармағы Семей жерінен бастау алған. Сол кездегі алып құрылысқа  үлес қосқан теміржолшылардың еңбектері ерлікпен тең еді, дейді көзкөргендер.

Сол тарихтың барлығы бүгінде «Түрксіб-Семей» музейінде сақтаулы. Талай құнды жәдігер жинақталған мекемені жарты ғасыр теміржол саласында қызмет еткен ардагер Мақсұт Көшжанов өз күшімен ашқан.

Жасы жетпістің ортасынан асқан Мақсұт Көшжанов 50 жылдан астам теміржол саласында жұмыс істеген. Электромонтерден бастап бас инженерге дейін түрлі қызметті атқарды. Ардагер өңірде алғаш шойын жолды салған азаматтармен де қызметтес болыпты. Сол ерлердің еңбектерін келер ұрпақ ұмыт қалдырмасын деген ниетпен бір жыл бұрын музей ашқан.

Теміржолшылар музейі шағын болғанымен, талай құнды тарихи мәлімет жинақтаулы. Түрксіб магистралі алғаш пайда болған сәттен бастап, бүгінге дейінгі бұл саланың дамуы туралы деректер сайрап тұр. Ең көне саналатын жәдігерлердің кейбірінің  80 жылдық тарихы бар. Музейге қажет материалдары ардагер үш жылдан астам уақыт жинақтаған.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу