Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке 19 мың гектарға жуық жер қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке 19 мың гектарға жуық жер қайтарылды

08.08.2022

Солтүстік Қазақстан облысында 19 мың гектарға жуық жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл тұрғындары енді ол жерлерге емін-еркін мал жайып, шөп шаба алады. Ақжар ауданында 11 мың гектар жер мемлекет иелігіне қайтты. Сондай-ақ, Айыртау, Тайынша, Жұмабаев аудандарында мал жаю үшін 29 мың гектар жайылым алқабын халыққа өтеусіз беру жөнінде меморандум жасалды. Көбіне шаруалардың жерсіз қалуына ірі корпорациялар кінәлі, дейді жергілікті бұқара. Қазір бұл мәселелер сотта қаралып жатыр. Бұдан бөлек, облыс орталығындағы партия филиалына жерінен айырылған 60 тұрғын арызданып келді. «AMANAT» партиясы мәселені бақылауға алды. Жалпы, «Жер аманаты» комиссиясының көмегімен 285 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бақытжан Базарбек, «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, заңгер:

Солтүстік Қазақстан облысындағы негізгі мәселе – пайға берілген жер болып отыр. Картадағы талдау жұмыстары барлық аудан тұрғындары жерді тартып алғандардан зәбір көргенін көрсетті. Соның кесірінен кейбір пай иелері мәселені шешу мүмкін емес деп ойлап, қалаға көшіп кеткен. Көбісі сот процесінде ұтылып, бізге жүгінеді. Комиссияның бүгінгі міндеті – жер қатынастары саласындағы заң үстемдігі мен әділдікті қалпына келтіру.


Хабарламаларға жазылу