Басты Жаңалықтар Шілде айында 4275 адам қордан ақша аударған

Шілде айында 4275 адам қордан ақша аударған

Шекті деңгейдің өскеніне қарамастан қазақстандықтар зейнетақы шотындағы ақшаны белсенді пайдаланып жатыр. Шілде айында 4275 операция мақұлданды. Олардың 55 пайызы тұрғын-үй алуға және ипотекаға жұмсаған. Ал 45 проценті емделуге деп алыпты. Тек бір адам ғана басқарушы компанияға аударған. Ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан және Маңғыстау тұрғындары. Еске сала кетсем, сәуір айында қордағы қаржыны алу туралы тәртіп өзгерген. Жеткілікті шек мөлшері екі есеге дейін өсті. 

Бөлісу