Түркістан облысында 25 әйелдің ісі сотта қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 25 әйелдің ісі сотта қаралып жатыр

05.08.2022

Түркістан облысында «Indigo-24 Evolution» қаржылық пирамидасын құрып, жәбірленушілерге миллиардтаған шығын келтірген 25 әйелдің ісі сотта қаралуда. Облыстық прокуратураның мәліметінше, айыпталушылар төрт жыл жыл бұрын Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында қаржы пирамидамидасын құрып, оған үш мыңнан астам азаматты тартқан. Ал, заңсыз ұйымның қатарына енген адамдар үш миллиард теңгеден астам қаржы құйған. Олардың басым көпшілігі мектеп мұғалімдері болған. Жәбірленушілер қомақты ақшаларын салғаннан кейін алаяқтардың құрбаны болғандарын түсінген. Тергеу шаралары екі жылдан астам уақытқа созылды.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу