Абай облысында Нұрлыбек Баймұратовтың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында Нұрлыбек Баймұратовтың ескерткіші ашылды

05.08.2022

Абай облысының Бесқарағай ауданында ұлы Абайдың шәкіттерінің бірі, айтыскер ақын Нұрлыбек Баймұратовтың еңселі ескерткіші ашылды. Республикалық «Омбы-Майқапшағай» жолының бойына орнатылған кеуде мүсіні қоладан құйылған. Биіктігі 6 жарым метрге жуық ескерткіштің авторы – мүсінші Нұрбол Қалиев. Нұрлыбек Баймұратов ауыз әдебиетін халық арасында таратушы. Бірнеше кітабы жарық көрген. Қазақ КСР нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақынға арнап қойылған туындыны «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бесқарағайлықтарға тарту еткен – осы өңірдің тумасы, меценат Балтабек Нұрғалиұлы. Ақынға арнап қойылған мүсіннің ашылуына өңірдің зиялы қауым өкілдері мен ауыл халқы қатысты.

Асылбек Қожахметов, журналист:

Бесқарағайдың атын бүкіл одаққа шығарған ардақты ақын. Абайдан үлгі алған.Мұхтар Әуезовпен замандас, Семейде, Орынборда бірге қызмет істеген, «қала сұлуы» поэмасын сол кісінің ұсынысымен жазған.

Балтабек Нұрғалиұлы, меценат:

Нұрлыбек Баймұратов кезінде Жамбыл Жабаевпен, Кенен Әзірбаевпен, Иса Байзақовпен айтысқан. Естай ақынның шәкірті болатын ел танысын деген ниетпен жол үстіне ескерткішін қойдық.


Хабарламаларға жазылу