Украинада әскери жанжал басталғалы тағы бір жүк кемесі шетелге кетті. Черноморск портынан жолға шыққан су көлігі 13 мың тонна жүгерімен Ұлбыританияға бара жатыр.
Жалпы алғанда, бүгін үш кеме сапарға аттанады. Олардың екеуі – осы порттан, біреуі - Одессадан. Соңғысы Ирландияға 33 тонна жүгері жеткізуі керек.
Айта кетсек, Ресей армиясы басып кіргеннен кейін Украина қоймаларындағы ондаған миллион тонна бидай мен өзге де ауыршаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару қиындап кетті.
Арыстан Рысбек