Атырауда жасырын казинолар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жасырын казинолар анықталды

05.08.2022

Атырауда жасырын казинолар анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, екі азамат бірігіп, былтырдан бері заңсыз бизнесті ұйымдастырған. Олар қаладағы монша ғимараты мен пәтерді жалға алып, құмар ойындарды өткізген. Еліміздің заңнамасына сәйкес, мұндай казиноларды тек 2 қалада ғана арнайы лицензиямен ашуға рұқсат етілген.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Сот үкімімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.


Хабарламаларға жазылу