Испанияның солтүстік-батысында орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Лапылдаған жалын Галиция автономиялық қауымдастығындағы Верин муниципиалитетінде ағаштар мен жүзімдіктерді шарпыған. Жергілікті ақпарат құралдары ауылшаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлағандай, отты белгісіз біреулер әдейі қойған.
Биыл жазда оңтүстік Еуропаның біраз бөлігінде ормандар өртенді. Ғалымдардың ойынша, бұған ғаламдық климаттың жылынуынан туындаған қуаңшылыққа себеп болуы мүмкін.
Арыстан Рысбек