Әзербайжан армиясы бірнеше биіктікті басып алғанын хабарлады. Сол үшін ел армиясы «Кек» деген арнайы операция жүргізіп, армян күштерінің позицияларына артиллериялық қарумен соққы берген. Таулы Қарабақтағы жағдай шілденің соңында қайта шиеленісті. Содан бер Әзербайжан мен Армения әскерлері бір-біріне оқ жаудырып, бірнеше жауынгер қаза тапты.
Бүгінде мойындалмаған Таулы Қарабақта республикасындажартылай мобилизация жарияланған. Әзербайжан Лачин қаласын қайтаруды талап етіп жатыр. Бұл қала арқылы Қарабаққа Армениядан жалғыз ғана жол өтеді.
Кейбір сарапшлыардың пікірінше, өңірдегі шиеленістің ауқымды соғысқа ұласып кетуі екіталай. Өйткені, аймақта Ресейдің 2 мың жауынгерлік бітімгер әскері шоғырланған.
Арыстан Рысбек