АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси бүгін Тайвань президентімен кездесті. Жүздесуде америкалық саясаткер аралда демократияға «темірдей» қолдау көрсетуге уәде берді.
"Бұл сапар коммунистік елдің қарулы күштерін арандатушылыққа итермелейді"-деген болжам айтылған еді. Алайда Қытай әзірге әскери жаттығумен шектелуі мүмкін.
Айта кетсек "Қытай Тайваньды өзінің ажырамас бөлігі" деп, оған америкалық өкілдің баруын "елдің ішкі істеріне араласу" деп мәлімдеді.
Пелосидің Азияға сапарындағы мемлекеттер тізімінде Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Жапония бар. Алайда, оның Тайваньға ұшатыны ресми түрде жарияланбаған.
Арыстан Рысбек