Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы кейінге қалды. Себебі, айыпталушыға «Айыптау актісі» берілген кезде оның қасында қорғаушысы болмаған. Сол үшін , Хаменова құжатпен танысудан бас тартты. Жалпы бұл атышулы істе 3 күдікті бар. Олар: облыстық мәдениет басқармасының басшысы мен ескерткіш жасайтын компанияның директоры.Тараптардың уәжі ескеріле отырып, сот процесі 11 -ші тамыз күні сағат 10да өтеді деп белгіленді. Еске салайық, Хаменова құны 145 млн теңге тұратын Абай ескерткішін орнатуда мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін, мәдениет басқармасының басшысы екеуі 4,5 млн теңге пара алды деп күдікке ілінген. Ол өткен жылдың желтоқсан айында ұсталған еді. Бастапқыда сот оның жалғызбасты ана екенін және асырауында екі баласы мен қарт анасының барын ескеріп, үй қамаққа жіберген. Алайда прокуратура бұл шешіммен келіспей облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсіріп, нәтижесінде қайта қамалды. 8 айдай тергеу изоляторында отырған Бақытгүл Хаменованың Атырау облысы әкімдігіндегі штаттық орны сақталған. Ол бұл лауазымды қызметке екі жыл бұрын тағайындалды.
Жандос Темірғали