Ақмола облысында 30-ға жуық қызметкердің жол сапасын дұрыс бақыламағаны белгілі болды. Әкімшілік полиция өкілдері мен жауапты мекеме мамандары облыс аумағындағы 199 автожолды жіті тексеріп шыққан. Олардың көпшілігі елді-мекен арасындағы ауданаралық жолдар. Сараптама кезінде аймақ бойынша 149 қателік анықталып, оны белгілі уақыт ішінде түзеуге нұсқама берілген. Полицейлер "хаттамалардың көпшілігі жол белгілеріне қатысты толтырылды" - деп мәлімдеді.
Сәбит Әлдебай