Үкімет жекешелендіру жоспарына қатысты түзетулер енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет жекешелендіру жоспарына қатысты түзетулер енгізді

02.08.2022

Мемлекеттік активтерді баланстық құнынан төмен сатуға тыйым салынуы мүмкін. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында осылай деп мәлімдеді.

Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар мақұлданған. Оның ішінде жекешелендіру жоспарын бәсекелестік ортаға беру тәсілі де бар. Осы арқылы экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдар құрылмақ. Жалпы, жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген. Оның 230 сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу