Италияда өтіп жатқан Әлем чепионатында Дарын Әскербек екінші алтынды ел қоржынына салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда өтіп жатқан Әлем чепионатында Дарын Әскербек екінші алтынды ел қоржынына салды

01.08.2022

Еркін күрестен Италияда өтіп жатқан әлем чепионатында Дарын Әскербек екінші алтынды ел қоржынына салды. Дарын 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Америкалық Джаксен Патрик Форресттен басым түсті. Еске саламыз бұған дейін тағы бір жерлесіміз Камил Куруглиев венгриялық палуанды 11:0 есебімен жеңген еді.

Таэквондошылар 14 алтын алды

Ал, таэквандошыларымыз Болгарияда өткен әлем чемпионатында 14 алтын медаль алды.

12 жастағы алматылық Әділет Марыпбек финалда өзінен 20 келіге ауыр Америкалық спортшыны жеңді.

Әлемдік аренада ел намысын асқақтатқан жасөспірім елге оралды. Оны әуежайдан туған-туыстары мен жақындары қошеметпен қарсы алды.

Әділет Марыпбек, Таэквондодан әлем чемпионы:

Басында америкалық спортшымен шығуға жүрексіндім. Өйткені оның салмағы менен әлдеқайда ауыр болды. Десе де, намысқа тырысып бар күш-жігерімді жұмсадым. Нәтижесін көріп отырсыздіар. Бұл жеңісті еліме арнаймын

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу