Елімізде ұйымдасқан қылмыстық топ IT саласының мамандарын майнингке мәжбүрлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ұйымдасқан қылмыстық топ IT саласының мамандарын майнингке мәжбүрлеген

01.08.2022

Ұйымдасқан қылмыстық топ айти саласының мамандарын майнингке мәжбүрлеген. Сондай-ақ олар заңсыз жолмен жұрттың қарызын қайтарумен де айналысқан.

Алматы, Шымкент, Ақтөбе, және Жамбыл облыстарында полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жүргізген арнайы операция кезінде жоғарыда аталған қылмыстарға қатысы бар 23 адам ұсталды. Белгілі болғандай қылмыстық топт мүшелері айти саласында жұмыс істейтін маманға қоқан-лоқы көрсетіп, қорқыту арқылы оны криптавалюта өндіру жұмысын ұйымдастыруға итермелеген.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Бақылауындағы заңсыз майнинг фермаларының қызметі есебінен Алматы облысының Талғар ауданы аумағында орналасқан қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың АҚШ доллары мөлшерінде пайда алып отырған. Аталған өндіріс орындарын тінту, тексеру кезінде қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу