Бір Көкшетаудың санаулы баспанасын ретке келтіруге шамасы жетер әкімдіктегілердің. Ал Иранда жағдай қиындау. Елдің 31 провинциясының 18-де - қалалар мен ауылдарды жаңбырдан кейін су басқан. Ол аудандарға ел президенті ұшақпен сапар шекті.
Бүгінге дейін 53 адам қаза тауып, 16 тұрғын жоғалып кетті. Және де 400-дей қала мен елді мекенде үйлер қирап, жолдар жабылған. Мұны Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Ислам Республикасындағы төтенше жағдайлар жөніндегі өкілдігі хабарлады. Қазір табиғи апат жайлаған аймақтарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.
Арыстан Рысбек