Иранның 18 провинциясын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранның 18 провинциясын су басты

01.08.2022

Иран алапат тасқын мен лай көшкінінен зардап шегіп отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, елдің 31 провинциясының 18-інде қалалар мен ауылдарды жаңбырдан кейін су басқан. Ол аудандарға президент Ибрахим Раиси ұшақпен сапар шекті. Бүгінге дейін 53 адам қаза тауып, 16 тұрғын жоғалып кетті. Және де 400-дей қала мен елді мекенде үйлер қирап, жолдар жабылған. Мұны Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Ислам Республикасындағы төтенше жағдайлар жөніндегі өкілдігі хабарлады.

Қазір табиғи апат жайлаған аймақтарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу