Ресей армиясы Украинаның оңтүстігіндегі Николаев қаласына зымыранмен соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, ракеталық шабуылдан ірі астық компаниясының президенті – 73 жастағы Алексей Вадатурский мен оның әйелі қаза тапты. Жергілікті басшылықтың хабарлауынша, 12 зымыран үйлер мен мектептерді қиратқанда тағы 3 адам жараланды. Дегенмен Ресей қарулы күштері Украинада азаматтық емес, әскери нысандарды ғана көздейтінін мәлімдеп келеді. Ал Ресей басып алған Севастопольде Ресей Қара теңіз флотының базасы дронның шабуылына ұшырағанда 5 адам жараланған. Мәскеу пилотсыз аппаратты Украина теңізшілер мерекесінің шырқын бұзу үшін жіберді дейді. Алайда, ресми Киев бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме бермеген. Өзге бір мәліметтерге қарағанда, шабуыл қаланың өз ішінен жасалса керек.
Арыстан Рысбек