Испания астанасы Мадридтен 30 шақырым жерде бидай алқабы өртке оранды. Осыған орай сол маңдағы трасса жабылған. Өрт сөндірушілер жалынды бақылауға кірісті. Дегенмен аптап ыстық пен қуаңшылық олардың жұмысына кедергі келтіріп отыр. Испанияда күн шыжып, биыл бірнеше орман өртенді. Жалпы алғанда 90 мың гектар аумақ күлге айналған. Ғалымдар аптап ыстық пен өрттің жиілеуін ғаламдық жылыну құбылысымен байланыстырып отыр. Нақты шара қабылданбаса, алда мұндай жағдайлар тіптен жиі қайталануы мүмкін, дейді - мамандар.