Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы бала суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы бала суға батып кетті

29.07.2022

Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы бала суға батып кетті. Оқиға кеше кешкісін жеке меншік демалыс базасында болды. Ұл бала шомылып жүргенде, ата-анасы жағалаудан 50 метр жерде тамақтанып отырған. Бала жоғалып кеткеннен кейін, іздеу басталған. Оның денесі 40 минуттан кейін судан шығарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға болған жер суға шомылуға рұқсат етілген. Балаларға арналған шомылатын орын да бар. Сол күні 7 құтқарушы жұмыс істеген.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу