Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады – министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады – министрлік

29.07.2022

Елдегі қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиында айтылды.

Кездесуге Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету. Күні кеше ғана Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантқа байланысты қиындықтардан тамақтану кәсіпорындарының банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Осыған байланысты бірінші кезекте халық саны көп үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізілмек.

Жеңіс Өсербай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді.


Хабарламаларға жазылу