ТЖД басшысына пара алғаны үшін 47 млн теңгеден аса айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖД басшысына пара алғаны үшін 47 млн теңгеден аса айыппұл салынды

29.07.2022

Пара алған Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларына миллиондаған айыппұл салынды. Талдықорған қалалық соты сыбайлас жемқорлыққа барғандарға қатысты үкім шығарды.

Департамент бастығының бұрынғы орынбасары Ахашовқа пара алғаны үшін 6,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Дәл осындай қылмысы үшін Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Түркістановқа 47 миллион теңгеден аса айыппұл міндеттелді. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Полковник, азаматтық қорғау подполковнигі сынды арнайы шендері де тартып алынды.

Хабарламаларға жазылу