Атырауда мұнай өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мұнай өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтатылды

28.07.2022

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жұмысы апатты жағдайда уақытша тоқтатылды. Қатты желдің кесірінен Құрманғазы мұнай айдау стансасын тоқпен қамтамасыз ететін екі бірдей электр желісі бүлініп, қондырғылар істен шықты. Нәтижесінде «Қазақстанның Каспий құбыр консорциумы» энергия өндіруді 16 МВт-қа дейін шектеуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытында қосымша желілердің тетіктері де өшіп қалды. Энергетика министрлігі кәсіпорындағы технологиялық апатты жою жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Қазір зауыттағы мұнайды айдайтын екі қондырғы іске қосылған. Компания мәліметінше, төтенше жағдай осы айдағы мұнай тасымалы кестесіне әсер етпеген. Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалында мұнай жөнелту жұмысы қалыпты режимде жүзеге асып жатыр, делінген хабарламада. Бұдан бөлек, мұнай өңдеу зауытында 26 тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, 4 мың тонна керосин қоры бар. Зауыт басшылығы жанар-жағармай түрлерін тұтынушыларға жеткізу үшін бір апта қажет, деді. Ал, кәсіпорын жұмысы қашан жанданатыны әзірге белгісіз.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу