Днепрдегі көпірге зымыранмен соққы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Днепрдегі көпірге зымыранмен соққы жасалды

27.07.2022

Украина армиясы елдің оңтүстігіндегі «Антоновский» стратегиялық көпіріне тағы да Американың «Химарс» зымыран жүйесімен соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, шабуылдан кейін мұнда көлік қозғалысы мүлде тоқтаған. Ұзындығы 1,4 шақырымдық өткел- Ресей әскерінің бақылауындағы Херсон облысындағы Днепр өзенінің үстінде орналасқан. Украина артиллериясы оған өткен аптада да снаряд жаудырып, зақымдады. Бұл көпір - Ресей үшін Херсондағы жауынгерлеріне құрал-жабдық пен қосымша адам күшін жеткізетін негізгі жол. Тағы бір өткел - Каховка ГЭС- індегі дамба. Ол бірнеше күн бұрын Украина қарулы күштерінің шабуылына ұшыраса да - әзірге ашық тұр. Донбасстағы жағдайға тоқталсақ, ресейліктер Донецк облысын алу жолында-- Бахмут қаласы мен оның айналасындағы елді мекендерден украин сарбаздарын ығыстыруға әрекет жасап жатыр. Дегенмен, Американың соғысты зерттеу институтының дерегінше, ресейліктер күздің басына дейін Украинада айтарлықтай территорияларды жаулай алмауы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу