7 жылға сотталған қазақстандық ақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 жылға сотталған қазақстандық ақталды

27.07.2022

Қылмыс құрамы жоқ! Сот үкімімен Виктор Федин кінәсіз деп танылды. Былтыр банктердің біріндегі ақау кезінде азаматтың карточкасына 900 мың доллар артық ақша аударылған. Екі аптаның ішінде ол 849 транзакция жасап, 415 млн теңгені өзге карталарға аударған. Осыдан кейін, банк - салымшысын сотқа беріп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Алайда, Жоғарғы сот - қазақстандықты толығымен ақтады. Айыптау тарапы қатесін мойындады.

Айдос Сәдуақасов, ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі:

Фединнің қолында осы банктің ерекше клиенттеріне беретін платиналық карточкасы болған. Есепшотына түскен ақшаны ол ойлаған лимитсіз ақша ала аламын, сол себептен ақша аударып жатыр деп аударған. Банктың тарапынан кеткен қателікті білгеннен кейін банк менеджерлеріне хабарласып, ірі көлемде ақша түскенін айтып, кері қайтару жөнінде де өзінің пиғылын жеткізген.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу