Құрылыс алаңындағы мұнаралы кранның қалай құлағаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс алаңындағы мұнаралы кранның қалай құлағаны белгілі болды

27.07.2022

Алматыда құрылыс алаңындағы мұнаралы кранның қалай құлағаны белгілі болды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің алдын ала таратқан мәліметінше, оны бөлшектеп, қайта жинау кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Кранның жүк көтеретін бөлігі корпусқа дұрыс бекітілмеген. Жетісу шағын ауданында болған оқыс оқиға салдарынан 33 жастағы жұмысшы мерт болды. 1 адам жарақат алып, медициналық көмектен кейін үйіне қайтарылған. Ал кран құрылыс жұмыстары тоқтатылғаннан кейін 2021-жылдан бері пайдаланылмаған. Полиция департаменті оқиғаға байланысты тергеуді бастады.

Дәурен Дүйсекенов, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің Алматы қаласы бойынша бас маманы:

«Мұнаралы кранды бөлшектеу процесінде қауіпсіздік техникасы бұзылу салдарынан жебе секциясы аударылып кеткен. Жебе секциясы дұрыс бекітілмеген. Кран жаңа. 2021-жылы шыққан. Меншік иесі «ПОТОК-8» деген ЖШС».

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу