«AMANAT» партиясы Павлодар, Түркістан облыстарындағы ахуалмен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы Павлодар, Түркістан облыстарындағы ахуалмен танысты

27.07.2022

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Павлодар мен Түркістан облыстарына барды. Бір күнде шалғайдағы 4 елдімекен қамтылып, қабылдауға 100-ге жуық азамат келді. Мысалы, Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының фермерлері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін несие қолжетімділігін кеңейтуді және техника сатып алуға негізделген субсидия көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Сондай-ақ шаруа қожалықтары шөп шабатын маусымдағы жанармай қымбатшылығы мәселесін көтерді. Ал Түркістан облысының Жібек Жолы ауылында қабылдауға 50-ден астам адам келді. Елімекенде трансформаторлардың тозығы жеткен. Электр бағандары ескірген. Тағы бір мәселе – мектептегі орын тапшылығы. Тұрғындардың айтуынша, елдімекендегі 640 орынға негізделген жалғыз білім ошағында мыңнан аса оқушы білім алуға мәжбүр.

Азамат Біржанов, «Amanat» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:

Мектептің мәселесі 2024-2025 жылға дейін созылуы мүмкін. Себебі қазір конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған қоса мердігер анықталады. Содан кейін график құрылады. 300 орындық қосымша ғимаратты жоспармен салу басталады.


Хабарламаларға жазылу