Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді

27.07.2022
Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді

Маңғыстауда жол бойында жанжал туындап, көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді.

Оқиға Мұнайлы ауданы Жаңа Дәулет ауылында болды. 35 жастағы күдікті егде жастағы зейнеткерді жол бермегені үшін ұрып-соғып, дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен. Ал зардап шеккен тұрғын сол жерде көз жұмды.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Хабарламаларға жазылу