Маңғыстауда жол бойында жанжал туындап, көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді.
Оқиға Мұнайлы ауданы Жаңа Дәулет ауылында болды. 35 жастағы күдікті егде жастағы зейнеткерді жол бермегені үшін ұрып-соғып, дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен. Ал зардап шеккен тұрғын сол жерде көз жұмды.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.