«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл әкімдері біліктілігін арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл әкімдері біліктілігін арттырды

27.07.2022

Ел бойынша екі мыңнан астам ауыл әкімі «Ауыл аманаты» жобасы аясында біліктілігін арттырған. Басты мақсат – тұрғындардың табысын ұлғайту. Қатысушылар ауыл хал-ахуалына маркетингтік бизнес-жоспарын әзірлеу, ұсақ шаруашылықтарды құру сауаттылығына оқытылды. Жиын барысында курстардың нәтижесі қорытындыланды. Ой-пікірін бөліскен ауыл әкімдеріне оқыту бағдарламасында айтылған кооперативтерді құру идеясы ұнады. Алайда оны ауылда жүзеге асыру үшін, үш күндік білім алу курстары аздық етеді. Кей ауыл әкімдері кәсібін дөңгелетіп әкете алатын шаруалар аз емес, тек мал өсіруге кететін қаржысын ауыл тұрғындары баспана алу несиесіне жұмсайтынын айтады.

Асқар Махфуз, Ақмола облысы Бектау ауылдық округінің әкімі:

AMANAT партиясына біз ұсыныс жасадық. Сол үш күндік семинарда жылжымайтын мүліктің кепілдігін 70-80 пайызға дейін бағаласа. Екіншіден, бұл жерде халықты қызықтырып отырғаны – 2,5% несие. Қазір кез келген жеке қосалқы шаруашылықта онсыз да адамдар сүт, көкөніс, өнімдерін сатып жатыр. Соның барлығын несие алып, заңды түрде өткізіп, өндіруге болады.


Хабарламаларға жазылу