Бізің елде жыл сайын жүзге жуық адам саудасы тіркеледі. Жыл басынан бері 57 қылмыстық іс тіркелген. Мәселен өткен жылдың желтоқсанында кәмелетке толмаған бойжеткендерді мұхит асырмақ болған 17 күдікті қолға түсті. Ал биыл жыл басынан бері тек «жеңгетайлық» бабы бойынша 37 іс қозғалды. Бұл туралы бүгін «Адам саудасының алдын алу» мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде айтылды. Зорлық көрген жандарға қолдау көрсету үшін елімізде 20 дан аса үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Адамның құқын шектеу, құлдыққа мәжбүрлеудің алдын алу жөнінде заң жобасы әзірленіп жатыр.
Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы:
Адам саудасымен күрес жөніндегі заңнама дайындалып жатыр. Қазір ведомствоаралық комиссия құрылды. Сарапшылардың талдауларын негізге ала отырып, заңгерлермен бірлесіп дайындалады. Заң жобасын 2023 жылдың сәуір айында әзірлеу көзделіп отыр.