Балабақшаға барған сәби көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшаға барған сәби көз жұмды

26.07.2022

Қызылордада жүргізуші балабақшада көлігімен сәбиді қағып кетті. Қайғылы жағдай туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Оқиға жекеменшік балабақшада болған. Жүргізуші 7 баланы балабақшаға әкелген. Тәрбиешінің көмекшісі бүлдіршіндерді ішке кіргізіп жүріп, бір баланың сыртта қалып қойғанын байқамай қалған. Жүргізуші де назар аудармай, оны көлігімен басып кеткен. Өкінішке қарай, сәби көз жұмды. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу