Қант тапшылығы туындауының басты себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қант тапшылығы туындауының басты себебі неде?

26.07.2022

Отандық өндірушілердің ішкі нарықты қамти алмай, қант тапшылығы туындауының басты себебі – шикізат жеткіліксіз. Елімізде 4 қант зауыты болса, оларға қажетті шикізаттың тек 7 пайызы ғана өзімізде өндіріледі. Қалғаны сырттан экспортталады. Бұған қант қызылшасы алқаптарының азайып кетуі себеп. Ал оның себебі өсімдіктің бұл түрін өндіру тиімсіз. Бүгінгі азық-түлік қауіпсіздігі жайлы өткен брифингте Сауда және интегриация министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. Қызылша алқаптарын қалпына келтірудің жолы мемлекеттен төленетін субсидияны арттыру. Сонымен қатар бірінші кезекте қажетті басқа да азық түрлерін ұзақ уақыт сақтайтын қоймаларды көбейту қажет. Қазіргі уақытта елімізде 9 КТО, жеке бизнес құрған 1 171 көкөніс сақтау қоймасы бар. Олардың қуаттылығы 3,5 миллион тоннаны құрайды. Ең бастысы нарықтағы бағаны бетімен жібермеу үшін Үкімет Парламентке жаңа заң жобасын ұсынған. Министр сол арқылы бизнесті де дамытып, халықтың да әл-ауқатын жақсартуға жол ашылады дейді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Бұл ішкі сауда жай-күйін, инфрақұрылым жүктемесін,импорт, экспорт динамикасын, тауар мен қызмет бағасына талдау жасап, мемлекеттік органдардың сапалы сараптама жүргізуіне мүмкіндік береді. Ашықтықты қамтамасыз етеді. Бизнеске әділ бәсекелестік, тұтынушыға қолжетімді бағамен сапалы тауарларды сатып алуына мүмкіндік туады.

Автор: Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу