Алматы облысына үлкен өзгерістер керек. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласын дамытқан жөн. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев аймақ басшыларымен жүзеге асырылуы тиіс жаңа бағдарламаларды талқылады.
Оның сөзінше, аталған салаға тың серпін беру керек. Мәселен, осыдан 15 жыл бұрын субсидияның 12 түрі болса, қазір іскер азаматтарға оның 35 түрі қарастырылған. «Олардың тиімді жұмсалатынын қадағалауға тиіспіз», – деді депутат. Сондай-ақ елімізде қызылша алқаптарының көлемін ұлғайтып, қолданыстан шыққан зауыттарды қалпына келтіру керектігі сөз болды. Қонаев қаласының маңында орналасқан су электр станциясының ахуалы да айтылды. Нысанның 100-ден астам жұмысшысы жалақы мәселесін қозғады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мына жерде жаңа облыс ашылып жатыр. Қонаев қаласы өте жақсы дамитын болады. Инвесторлар келеді. Инвестор келді деген сөз – қаражат келді деген сөз. Яғни жаңа жұмыс орындары ашылады. Жұмыс орындары ашылса, орташа жалақы да өсуі керек.
Нұрсұлтан Тілектес