АҚШ-та қоғамдық орында оқ атылып, екі адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қоғамдық орында оқ атылып, екі адам көз жұмды

26.07.2022

АҚШ-та қоғамдық жерде тағы да оқ атылды.

Лос Анджелес қаласына қарасты Сан-Педро ауданындағы көлік базары маңында атыс болып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қаза тапқандардың бірі – әйел. Түрлі дене жарақатын алған тағы бес тұрғын ауруханаға жеткізілді. Бұл қылмыскерлер арасындағы есеп айырысу ма, әлде қарапайым халыққа қарсы жасалған әрекет пе, ол жағы әзірге белгісіз. Күдіктілер іздестіріліп жатыр

Хабарламаларға жазылу