Қазақстан-Қытай шекарасында жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр.
Себеп - ірі логистикалық компаниялар Қытай тарапынан алып келетін тауар ағынын көбейту салдарынан жүк көліктерінің саны да күрт өсіп отыр. Мамандар бәрін тексеріп үлгермей жатыр. Жетісу облысының әкімдігі мәселені біледі. Сала мамандары көлік кептелісі бір аптаның ішінде толық сейілетінін айтады. Өткізілетін жүк көліктерінің санын азайту үшін алдағы уақытта "Алакөл" кедендік-көліктік аумағын ұлғайту қарастырылып жатыр.
Айнұр Сартаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
Қытайлық тарап өзінің талабын қояды. Мысалы, автокөлік құралы кеден бекетінен өткеннен кейін ары қарай бейтарап аумаққа өтеді. Сонда ол прицепті сол жерде ағытады. Одан кейін ол қайтадан бері қайтады деген сияқты өзінің процедурасы бар. Өйткені ол автокөлікті ары қарай мысалы Қытай тарапы қаншалықты тез өткізеді соған байланысты.
Асима Нұрбайқызы