Абай облысында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр

25.07.2022

Абай облысында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр. Бір ғана қожалықта өлген малдың саны 25-ке жуықтаған. Әзірге мамандар сиырлардың қандай дертке шалдыққандығын нақты анықтаған жоқ. Қазір өңірдегі тілшіміз Ержан Жақып бізбен тікелей байланыста. Ержан жағдайды баяндасаңыз.

Ержан Жақып, тілші:

Ірі қараның белгісіз індетке шалдығуы Абыралы ауылындағы шаруа қожалықтарында тіркелген. Шараулардың айтуынша әсіресе бұзау, торпақтар өліп жатыр дейді. Жергілікті ветеринарлар алғашында «пастерелез» деген диагноз қойған. Алайда мал иелері оған келіспейді. Өйткені ауру белгілер басқа-дейді. Малдың аузынан сілекей ағып, құлақтары ісіп кететін көрінеді. Шөп жемейді. Белгісіз індетке шалдыққан малдар тіпті адамға шауып жарақаттаған. Қазір тексеру жүргізу үшін, ауылға арнайы комиссия шақыртылған.

Ұлан Мұқажанов, Абыралы ауылының әкімі:

Қадағалап нақты малдың диагнозын қойып берсін деген талап қойып отыр бізге. Бізге әкімшілікке және қалалық ветеринарияға. Енді алдағы күндерде, уақыттарда жұмыс жасалады.

Әзірге белгісіз індеттен қанша малдың арам қатқаны белгісіз. Аурудың адам өміріне қауіпі бар ма жоқ па ол жағы да беймәлім болып отыр. Мамандар су мен жайылымнан және өлген малдан сынамалар алып, тексеріс жүргізгеннен кейін ғана нақтысын айтамыз дейді.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу