Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме өтті

25.07.2022

«Бай, қуатты болайық». Шымкентте осындай атаумен телевизия тарланы Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды. Онда біртуар тұлғаға тиесілі 170-тен астам жәдігер қойылды. 50 жылға жуық журналистика саласында еңбек еткен Нұртілеу Иманғалиұлы 1952-жылы 1-ші мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында жүргізуші, журналист, редакторлықтан Ұлттық арнаның төрағасы лауазымына дейін қызмет атқарған.


Хабарламаларға жазылу