Сочи қаласында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи қаласында төтенше жағдай жарияланды

25.07.2022

Ресейдің Сочи қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда сенбі, жексенбі күндері алапат су тасқыны болды. Бзуга өзені арнасынан тасыған. Бұған дейін үздіксіз нөсер құйып, бір сағатта 76 мм жауын жауып, қала орталығында ондаған көшені су басты. Табиғи апаттан 1 адам қаза тапты.

Әлеуметтік желілерге жүктелген бейнероликтерден тасқынның көліктерді шайып әкетіп жатқанын көруге болады. Федералдық тас жолдың 200 метр бөлігін су басқан. Бұған қоса, қаланың кейбір аудандарында электр жарығы өшті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу