«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Атырау облысына келіп жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Атырау облысына келіп жетті

22.07.2022

«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Атырау облысына келіп жетті.

Шілденің 1-і күні елордадан басталған шеру бірлік пен ұлтаралық татулықты дәріптеп, Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қалаларында болған. Атырау өңірі шеруге қатысушыларды құрметпен қарсы алды. Өңірге келгендер дін саласының өкілдерімен де кездесті. Кешке Сұлтан Бейбарыс алаңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ. Айта кетейік, «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі шілденің соңында ВладиКавказда аяқталады. Қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан Республикаларының азаматтарынан құралған.

Руслан Абдуллин, «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры:

Бұл – халықаралық шеру болғаннан кейін мемлекет қаражатына емес, халықтың қаржылық қолдауымен өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз – бірлік пен бейбітшілікті дәріптеу. Барған барлық қалада бізді ойдағыдай қарсы алуда. Шерудің алғашқы этапы аяқталғаннан кейін келесі сапарға дайындаламыз. Еуропа мен Азияның 17 елін аралаймыз.


Хабарламаларға жазылу