Алматыда рейдерлік тәсілмен кәсіпкерлерді бопсалап келген бір топ адам ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай сот оларға 2 ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған. Сондай-ақ, осы істерге тікелей қатысы бар Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланды. Ол Руслан Шалин екеуі басты күдікті деп танылып отыр. Ведомство өкілдері осы тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер болса, қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына хабарласуды сұрайды.
Сәбит Әлдебай