Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кеңесіне қатысу үшін Қырғызстанға барған Президенттер кеше бейресми кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Ыстықкөлде теплоходпен серуендеді. Тараптар елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму барысын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды. Президенттер арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойынын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнер көрсетті. Ал «Қолөнершілер» аллеясына шеберлер жасаған бұйымның сан түрі қойылған. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі бүгін өтеді. «Саммит қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжатқа қол қойылады» деп жоспарланып отыр.