Қызылордалық Үмбетовтер әулетін дүйім жұрт біледі. Отбасы мүшелері қылқаламның құдіретін таныған кәсіби суретшілер. Шаңырақтың иесі Мұратбай Үмбетов – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі.
Әке жолын қуған қос ұлы да осы кәсіптің шеберлері, он саусағынан өнер тамған мүсіншілер. Еңбекпен көктеп-көгеріп отырған әулет жұртшылықты әлі талай туындылармен таң қалдырамыз,- дейді.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ