АҚШ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі

19.07.2022

АҚШ Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға қолдау көрсетеді. Бұл туралы АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді. Олар АҚШ әділет департаменті мен Дүниежүзілік банк өкілдерімен нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, сотталғандарды ұстап беру туралы шарттар жасасу мәселелерін талқылады. Шетелдіктерге елімізде құрылған экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысы да таныстырылды.


Хабарламаларға жазылу