ҰБТ кезінде ереже бұзған тағы бір оқушы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ кезінде ереже бұзған тағы бір оқушы анықталды

19.07.2022

Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеуде ең жоғары балл жинаған оқушының ереже бұзғаны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық Тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді. Тест тапсырушының нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Ереже бұзу дерегі үшінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін бейнежазбаны тексере келе 139 балл жинаған екі оқушының нәтижелері жойылған болатын. Қазір 138 балл жинаған төрт оқушының жауаптары тексеріліп жатыр.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу